«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Бірлігімізді көрсететін уақыт екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік – Ербол Данағұлов

Тұңғыш Президент «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында қауіпті індетті жеңіп шығуға септігін тигізетін қасиеттерімізді айтты және өзі үлгі көрсетті. «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмен жандарды, жұмысқа жарамсыз адамдарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді» деді Елбасы. Партия көшбасшысы үнемі ел ісіне қызығушылық танытып, қоғамды шоғырландыратын тәлімгер ретінде әрекет етеді. Сындарлы сәтте де халықпен бірге», — деді «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов.

Ербол Данағұловтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «BizBirgemiz» акциясы ұйымдастырылған. Бұл игі іс «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған елордадағы және Алматы қаласындағы жалғызбасты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қолға алынған.

«Nur Otan» 150 млн теңге бөліп, партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері қосымша өздерінің бір күндік жалақысын аударды. Кейін қайырымдылық акциясының ауқымы кеңейіп, еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылды. Ақтөбеде акция асында мыңнан астам көмекке мұқтаж отбасы қолдауға ие болды. Оларға азық-түлік және гигиеналық заттар жеткізілді. Ақтөбе қаласында тағы 7894 адам 50 мың теңгеден көмек алады. Бұл — АӘК алмайтын аз қамтылған көпбалалы отбасылар, І топтағы мүгедектеріне, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен жетім балаларға үлестіріледі.

Ербол Данағұлов осындай игі істерге үнемі Елбасы ұйытқы болатынын айтады. Мәселен, коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қолдау көрсету жөніндегі «Birgemiz» қоғамдық қоры да Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес құрылған. Ақтөбе қаласының тұрғындарына да сол қордан көмек берілмек.

«Қазір азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін елімізде де, облысымызда да барлық жағдай жасалып жатыр. Төтенше жағдай кезіндегі өңіріміздің ахуалы облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Оңдасын Оразалиннің тұрақты бақылауында. Жедел әрекет ету штабының құрамында болғандықтан, атқарылып жатқан жұмыстарға өзім куәмін. Күніне бір емес, бірнеше рет бас қосып, тапсырмалар беріліп, атқарылған жұмыстар пысықталып отыр. Нәтижесінде бақылау шаралары күшейтілді. Ал облысымызда дезинфекциялық өнімдерінің түрі, ересектер мен балаларға арналған сұйық, қатты формадағы дәрі-дәрмек пен антибиотиктер, бетперделер шығарыла бастады», — дейді партия өкілі.

Ұқсас ақпараттар

Жапонияда қазақтар қоғамдастығы құрылды

admin_mugalzhar

Аймағамбетов 4-7 жыл жұмыс істеген білім беру ұйымдарының басшылары ауысатынын айтты

admin_mugalzhar

Ғайни НҰРСҰЛТАНОВА: «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ — БАЛАЛЫҚ АРМАННАН ТАМЫР ТАРТТЫ»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.