«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өткен жылы өңірде 4 мыңнан астам кәсіпкер несие алған

өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов «Кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары» тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфирде басқарма басшысы өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

— Жуырда өз мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аудару керектігін атап өтті. Осы орайда қазір өңірде қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы облыста «Бизнестің жол картасы», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында кәсіпкерлерге несие беріліп, олардың өз кәсібін дамытуына жағдай жасалды.  «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына былтыр пандемиядан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету мақсатында бірқатар өзгеріс енгізілді. Басты өзгерістің бірі — барлық салалық шектеулердің алынып тасталуы. Осыған орай қазіргі таңда бағдарлама аясында кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беріліп жатыр.

Жалпы, бұл бағдарламаның 4 тетігі бар: несиені субсидиялау, несиеге кепілдік беру, жетіспейтін инфрақұрылымға қолдау көрсету және гранттар. Қазіргі таңда кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден 14 пайызбен несие алса, оның 8 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал кепілдік беруге келсек, кәсіпкердің қолында кепілге қоятын мүлкі болмаса, мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетіледі. Жалпы, бұл екі құрал бойынша Ақтөбе биыл ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы 430 жобаға қолдау көрсетілсе, 2020 жылы — 1108, ал 2021 жылы 4000-нан астам кәсіпкерге несие берілді. Бұл — республика бойынша өте жоғары көрсеткіш, — деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында облыста 25 млрд теңгеге 74 жоба қаржыландырылған. Ал ауыл кәсіпкерлерін қолдауға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында елді мекендердегі 1200 кәсіпкер жалпы мөлшері 4,5 млрд теңге несие алған.

— Өткен жылы құрылған «Atameken Aktobe» микроқаржы ұйымы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлерге жылдық 6 пайызбен несие беруді бастады. Былтыр аталған мемлекеттік бағдарламалар аясында біз жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Өңірде өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 75 мыңға жетті. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Оның ішінде белсенді нысандардың саны  — 65,4 мың, — деді Нұрхан Тілеумұратов.

Тікелей эфир соңында басқарма басшысы тұрғындардан келген бірқатар сауалға жауап берді.

Данагүл ҚАЗИХАН, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

САБЫНДЫКӨЛГЕ АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

КТО ПОЛУЧИТ ПОМОЩЬ ИЗ ФОНДА?

admin_mugalzhar

56 млн теңгеден астам айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.