«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеге алғаш рет көшпелі медициналық кешендер жеткізілді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе медициналық орталығы, Мәртөк, Қарғалы қалалық және аудандық ауруханаларының бас дәрігерлеріне 6 мобильді диагностикалық кешенді көліктің кілтін табыстады.

Облыс басшысы өңірге алғаш рет жеткізіліп отырған кешен ішін аралап, жабдықтармен танысты. Көшпелі жағдайдағы зерттеулердің кең спектрін жүргізуге арналған медициналық кешен заманауи рентген және флюорография бөлімі, ЭКГ-12 арналы аппарат, гинекологиялық тексеруге арналған кресло, қан сақтауға арналған тоңазытқышпен қамтылған.

Сондай-ақ, шұғыл жағдайда босандырып алу мүмкіншілігі қарастырылып, мүгедек азаматтарға арналған автоматты түрде көтерілетін пандус орнатылған.

Заманауи жылжымалы кешен Қостанай қаласында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ында құрастырылған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы алдағы уақытта мұндай көліктердің санын арттыру қажеттілігі туындаған жағдайда министрлікке ұсыныс әзірлемек.

Бұдан соң облыс басшысы қаладағы медициналық мекемелердің жай-күйін бақылап, дәрілік қордың жеткіліктілігін тексерді. Сондай-ақ ол облыстық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасында болды.

«Мамандандырылған емдеу-алдын алу кәсіпорны» МКК-де жүргізілген күрделі жөндеудің сапасын бақылады. 130 орынға арналған медициналық мекеме ғимараты биыл күрделі жөндеуден өтті.

Аурухана пандемия өршу қаупі туындаған жағдайға толық әзір. Бетперде, дәрі-дәрмек, залалсыздандырғыш құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Облыс әкімі «СК-Фармация» компаниясына қарасты дәрі-дәрмек сақтау логистикалық қоймасында болды. Қоймада құны 3 миллиард теңгеге жуық қаражатқа алынған дәрі қоры сақтаулы.

Оның ішінде Covid-19 инфекциясын емдеуге арналған препараттар да жеткізілген. Ақтөбе облысы бойынша «СК-Фармация» уәкілдігінің басшысы Нұрлан Жұбанышов облыс әкіміне дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екендігін айтты. Қойма Ақтөбе облысынан өзге Батыс өңірін дәрілік препараттармен қамтамасыз етеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

42500 теңгелік төлем қателесіп аударылса қалай қайтару керек?

admin_mugalzhar

171 актюбинец нуждается в пересадке органов

admin_mugalzhar

13 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.