«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ғалымдар парацетамолдың қаупі туралы ескертті

Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану қан қысымы жоғары науқастарда жүрек ауруы мен инсульт ықтималдығын арттыратынын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зерттеуге қан қысымы жоғары 110 ерікті қатысқан. Екі апта бойы олардың кейбіреуі күніне төрт рет парацетамол қабылдаған, ал басқалары — плацебо.

Сонымен қатар, олардың үштен екісі гипертонияға қарсы препараттарды қоса ішкен. Нәтижесінде, орташа есеппен зерттеуге қатысушылардың қан қысымы жоғарылағаны анықталған.

Сарапшылар пікірінше, парацетамолды үнемі қолдану жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттырады деуге болады. Адамдар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін олардың қан қысымы бастапқы деңгейге оралған.

Бұрын парацетамолды қабылдау бауыр ауруын күшейтуі, аллергия, қышу, ісіну немесе қабыршақтанған тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін екені белгілі болған.

Парацетамол, сондай-ақ ацетаминофен ретінде белгілі. Препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізілген.

Ұқсас ақпараттар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

Зейнеткерлер мен студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала ма? Маңызды 18 сұраққа жауап

admin_mugalzhar

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 50 млрд долларға жуықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.