«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Баланы дүкенге апарудың дұрыс амалы – психолог кеңесі

Баланы дүкенге апарудың арнайы мәдениеті бар. Соны ұстансаңыз, дүкенге баланы емін-еркін апара беруге болады. Бұл жайлы балалар психологі, дефектолог Динара Еділбекова Жұлдыз FM радиосының тікелей эфирінде айтты.
Жалпы баланың жарнамадан көргенінің бәрін дүкеннен алғысы кеп мазасызданатыны белгілі. Дүкенге баруды әдетке айналдырған балалар да баршылық. Қалаған затын алып бермесеңіз, қиғылыққа салып, дүкенді басына көшіріп жылайтын да – осы балалар. Ал баланы жылатпау үшін не істеу керек? Баланы дүкенге қалай дұрыс апарып, әкелген дұрыс?
Бұл сауалға жауап берген психолог Динара Еділбекова баланы дүкенге апарудың амалын үйден бастау қажет екенін айтады.
Жұмысты үйден бастаған жөн. Дүкенге шықпас бұрын балаға осы нәрселерді аламыз, мынаны алмаймыз деген сынды келісім жасап алу керек. Сол келісімді баланың есіне салып, жол бойы қайталап отырған дұрыс. Сонда бала дүкеннен не алып қайтатынын өзі іштей түсінеді әрі жоспарлайды. Артық нәрсеге дәмеленбейді. Мұндайда истерика жасап, жылай қоюы екіталай, — дейді психолог.
Ал алда-жалда жылап, мазаны алса, онда қорқытудың қажеті жоқ.
«Жалпы, баланы қорқытып, шошытып тәрбиелеу – дұрыс емес. Мұндайда баланы құшақтап, онымен бірге екенін сездіруің керек. Ал бала біраз басылғаннан кейін, жағдайды түсіндіру керек», — дейді маман.

Ұқсас ақпараттар

Қарағандыда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

admin_mugalzhar

Министерство по чрезвычайным ситуациям создано в Казахстане

admin_mugalzhar

АТАМ ЖАСАҒАН ҰРШЫҚ — ҚҰНДЫ ДҮНИЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.