«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Олимпиада ойындары тарихында Қазақстан ту ұстаушыларының киімі үздік деп танылды

Бейжіңде Қазақстан командасы ту ұстаушыларының киімі Олимпиада ойындары тарихындағы үздік костюм деп танылды. Бұл туралы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ту ұстаушының киімі Олимпиада ойындарының тарихында үздік деп танылды. Біз оны сәуір айындағы ресми рәсім кезінде Олимпиада музейіне тапсырамыз», — деді А. Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда Лозаннадағы музей қонақтары Қазақстан спортшыларының киім үлгісін тамашалай алады. Қысқы Ақ Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасының ту ұстаушылары, конькиші Екатерина Айдова мен шорт-трекші Абзал Әжіғалиев тарихи образдағы киіммен шықты. Олар сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының кейпінде ел алдына шықты. Команданың ту ұстаушылары киетін киімде негізінен қазақтың ұлттық ою-өрнегі «қошқар мүйіз» бейнеленген.

Айта кетелік, өрнек элементтерін дизайнерлер Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайымен бірлесіп дайындады. Токио-2020 Олимпиадасында да осындай қадам жасалған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының олимпиада киімі қытайлықтардың назарын аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңдегі қысқы ойындардағы ұлттық құраманың үздік сәнді киім үлгісі тізімін жариялады. Үздіктердің қатарына қазақстандық спортшылардың киім үлгісі кірген.

inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар

Мемлекеттік рәміздерге салғырт қарағандар жауапқа тартылады

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

admin_mugalzhar

11 дəрігер жұмысқа кірісті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.