«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жағабұлақ ауылында спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдағы бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын «ОМАР-ТРАНС» ЖШС-і жүргізуде. Спорт нысанының жалпы алаңы 1 117 шаршы метр. Спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер болатын болады. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады.

Ұқсас ақпараттар

Жол құрылысы: 40 миллиард теңгенің 40 пайызы игерілді

admin_mugalzhar

САҒАШИЛІДЕ «КЕЛІНТӨБЕ» АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өкілдері Ақтөбе жастарымен онлайн-кездесу ұйымдастырды

admin_mugalzhar