«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына және Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай шаңғыдан жарыс өтті.
Қандыағаш қаласында өткен жарысқа Қандыағаш, Ембі қалаларынан, Ақкемер, Батпақкөл, Еңбек, Егіндібұлақ, Жұрын, Талдысай ауылдық округтерінен келген қатысушылар қатысты.

Жарысқа 15-17 жас, 18-26 жас, 27-39 жас, 40-50 жас, 51-59 жас аралығындағы және 60 жастан жоғары ерлер мен қыз-келіншектер қатысып, жекелеген сайыстар бойынша жүлделі орындарға таласты. Ерлер 5 шақырымға, әйелдер 3 шақырымға жарысқан шаңғы жарысы тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты жеңімпаз бен жүлдегер атанғандарды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мақтау қағаздарымен және медальдармен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

ЕУРОПАДА ФУТБОЛ ТОЙЫ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Салақтыққа сабақ керек

admin_mugalzhar

Әлем чемпионатында Галышева күміс жүлде еншіледі

admin_mugalzhar