Аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің төрағалығымен өткен үшжақты комиссия отырысында «Базальт-А» ЖШС-нің теміржол цехында жұмыс жасайтын жұмысшылар шағымына қатысты мәселе қаралды. ⠀
Нақтырақ айтсақ, аталған мекеменің жұмысшылары аудандық прокуратураға шағым түсіріп, шарасын алуды сұраған. ⠀
Отырыс барысында комиссия төрағасы Ғалым Қобландин «Базальт-А» ЖШС-нің бас директоры Элдар Гадельшинмен онлайн байланысқа шығып, аталған кәсіпорында орын алған жағдайға байланысты мәселелердің мән-жайын сұрады. ⠀
🔹Бас директор өз сөзінде теміржол цехы жұмысының тұралап тұрғанын, сол себепті жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр болғанын айтып, бүгінде жұмысшылардың екбекақылары толығымен төленіп жатқанын, бірақ алдағы уақытта аталған цех жұмысын тоқтатқан жағдайда жұмысшыларды қысқартуға тура келетінін, не болмаса басқа жұмыс орындарын ұсынатынын жеткізді. ⠀
🔹Комиссия төрағасы Ғалым Қобландин аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның ішінде жұмысшыларға уақытылы еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының орын алмауының маңызды екенін айтып, алдағы уақытта жұмысшыларды «НеоХим» және «Термогрупп» ЖШС-іне жұмысқа ауыстыру мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты.
Алдыңғы