ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛАҒАН МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАРУАЛАР МАЛ АЗЫҒЫ ҮШІН 255 МЫҢ 800 ТОННА ШӨП ЖИНАДЫ.
Аудан тұрғындарының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Олар үшін қысқа дайындықтың ең маңыздысы — мал азығын дайындау. Мал азығын жан азығына балайтын аудан шаруалары биыл да шөп шабуды ерте бастады. Бүгінгі таңда ауданның барлық округтерінде шөп ору науқаны қызу жүріп жатыр. Олар қыстан қиналмай шығу үшін тонналап өнім жинауды жыл басынан мақсат еткен. Себебі ауданымыз малды аймақ болғандықтан, төрт түліктің жағдайын жазда дайындап, қыстан аман шығудың қамына мықтап кіріседі. Сондай-ақ, бұл уақытта шөп сатушы пішеншілердің саудасы қызады. Мал азығын сатып, кәсіп қылған пішеншілер шөптің бір бумасын 2500-3000 теңгеден, тюгін 300-350 теңгеден сатуда.
Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ