«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2022 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етуі керегі айтылған.

Сонымен қатар, Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған ҚР азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыруы қажет.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас ақпараттар

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

12 СӘУІР — ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа салық кодексі енгізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.