«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӨП БАЛАЛЫ ҰСТАЗ — АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған шара өтті.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова өңір басшысының жылы лебізі мен құттықтауын жеткізіп, ақтөбелік көп балалы 18 ұстаз-аналарға арнайы алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Іс-шара барысында басқарма басшысы Жолдас Батырхан Мұғалжар ауданының Қ.Жұбанов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Салтанат Саринаны, Жаңатұрмыс негізгі орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақбаян Есентлеуованы, Бұлақты негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батыл Бержанованы облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

Қытай 8 күнде салынған аурухананы пайдалануға бергелі жатыр

admin_mugalzhar

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ТОПТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

Коронавирус: Жапонияда 3500 жолаушы кемеден шыға алмай отыр

admin_mugalzhar