«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА «АЛДИЯР» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛАДЫ

Елімізде 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда, Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында қажеттілікке байланысты Қандыағаш қаласында мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында аудан әкімдігімен жеке кәсіпкер арасындағы келіссөздер нәтижесінде «Алдияр» бөбекжай-балабақшасы ашылады. Жаңадан ашылғалы тұрған мектепке дейінгі мекемеде 150 бала тәрбиеленетін болады. Балабақшаның жұмыс жоспарымен аудан әкімі Асқар Шериязданов танысып, қарады. Жас ұрпақ тәрбиесіне жанашырлығын танытқан жеке кәсіпкер Серік Әйтен.

Мектепке дейінгі мекеме талапқа сай жабдықталған. Мұнда 2 мен 6 жас аралағындағы балаларды қабылдайды. Бүлдіршіндердің қазақ және орыс тілінде білім алып, шығармашылығын шыңдауға түрлі жағдайлар жасалған. Алтынды көшесі 20 Б мекен-жайында (бұрыңғы «Тағам» ЖШС-нің ғимараты) орналасқан «Алдияр» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндерді тасымалдау қызметіде қарастырылған.
Балабақшаға e.aktobe.kz арқылы ата-аналар өздері жолдама ала алады.

Ұқсас ақпараттар

Стрит-арт в честь великого Абая

admin_mugalzhar

Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным

admin_mugalzhar

Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді

admin_mugalzhar