«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Балаларға қандай тексерулер жүргізіледі?

Жаңа туған нәрестелерге, ерте жастағы және 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізіледі.

Бұл баланың есту қабілетінің бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін жаппай стандартталған тексеру. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісі – бала өмірінің алғашқы үш күнінде тікелей перзентханада. Екіншісі – өз емханасындағы баланы дамыту кабинеттеріндегі белгілі бір жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл жағдайда учаскелік медбике ата-аналармен байланысып, белгіленген мерзімде скринингтен өтуге шақырады.

Балалардың есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайда мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Егер құлақ мүкістігі немесе кереңдік қаупі туындаса, онда баланы одан әрі тереңдетіп тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге, сондай-ақ тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді.

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының он сегіз жасқа толмаған оқушылары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтеді. Оны білім беру ұйымына бару арқылы емхана мамандары жүргізеді. Егер мектепке дейінгі жастағы бала балабақшаға бармаса, онда ол бекітілген емханасында алдын ала тексеруден өтеді.

Профилактикалық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.

Дәрігерге дейінгі кезеңде дененің өсуі мен салмағын анықтау, бас пен кеуде қуысының көлемін өлшеу (3 жасқа дейін), физикалық және психоәлеуметтік дамуды бағалау, қан қысымын өлшеу (7 жастан бастап), көру және есту өткірлігін анықтау, ЭКГ өткізу және т. б.

Екінші кезеңде теріні және бас терісін, шырышты қабықтарды тексеру, қалқанша без аймағын тексеру және пальпациялау, кеуде, омыртқа, аяқ-қолдарды тексеру, тыныс алу, ас қорыту және т. б. тексеру жүргізіледі. Патологиялық өзгерістер анықталған кезде баланы бейінді маманға қосымша тексеруге жібереді.

Мамандандырылған кезеңді бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

ЕРІКТІЛЕР ЕЛЕНГЕН КҮН

admin_mugalzhar

Футбол: Бүгін Еуропа біріншілігі басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.