«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жазғы мектептің оқу форматы өзгеше болады

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады.

Жазғы мектепке 9-11 сынып оқушылары ғана қатыспайды. Себебі олар бұл уақытта емтихан тапсырады.

Сондай-ақ жазғы сабақтар әдеттегі форматтан өзгеше өтеді. Мәселен, математика, физика, ағылшын тілі және өзге маңызды пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылып, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де өтеді.

Жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайды және үй тапсырмасы берілмейді. Жазғы уақыттағы оқу барынша қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Кей балалар репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алады. Осы орайда жазғы мектеп білімді шыңдаудың жақсы мүмкіндігі. Өйткені, өз мұғалімдері оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын өзгелерден жақсы біледі, – деді Гүлмира Кәрімова.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге 28,2 млрд теңге бағытталады

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздары белгілі болды

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОГАЗ БАҒАСЫ БЕКІТІЛДІ

admin_mugalzhar