«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Қандыағаш қаласының білім беру ұйымдарында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен мектептерде орта және жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар жиналыстары өткізілуде.
Кездесулердің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесулерде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, білім мекемелеріне ұшты-кескіш заттарды алып келуге тыйым салу жолдары айтылды.

Оқушыларға олардың құқықтары, ата-аналарының құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері түсіндірілді.
Бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары ауданның барлық білім ұйымдарында жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

«БАЛАҚАЙ» АНСАМБЛІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан халқының 41,1% ауылда тұрады — статистика

admin_mugalzhar

С 2022 года вырастут госпошлины за выдачу документов

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.