«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жазғы мектеп енді міндетті болмайды

Қазақстанда енді жазғы мектеп міндетті болмайды. Ата-аналар 25 мамырдан кейін балаларының оқуын жалғастыра ма, жоқ па, өздері шеше алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.
Жазғы мектептің форматы қалыпты сабақтан өзгеше болады деп күтілуде. Үй тапсырмалары болмайды, сондай-ақ икемді сабақ кестесі болады. Инновацияның басты мақсаты – қашықтан оқытудан кейін пайда болған білімнің кемшіліктерін толтыру.

Бұған дейін ведомствода Жазғы мектептер міндетті болады деп мәлімдеген болатын. Бұл ата-аналардың наразылығын тудырды.

“Жазғы мектеп барлығы үшін ұйымдастырылады. Бірақ жағдай әртүрлі болады. Соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды”, – дейді ҚР БҒМ комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Ұқсас ақпараттар

САЙЛАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ…

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ: ДАЙЫН ҮЙ САТЫП АЛУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ШАҢЫРАҚТЫҢ ДІҢГЕГІ – АУЫЗБІРШІЛІК ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.