«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Синоптиктер: Қазақстанда мамыр айында бірнеше облыста құрғақшылық болады

Статистикалық болжамға сәйкес, мамыр айында Қазақстанның бірқатар аумағында ылғалдылық деңгейі нормаға жақын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы бойынша Жангелді ауданында, Қызылорда облысы бойынша Қазалы ауданында, Маңғыстау облысында Маңғыстау ауданы, Ақтөбе облысында Әйтеке би және Хромтау аудандарында қалыпты құрғақшылық деңгейі болады.

Қалыпты ылғалдылық деңгейі негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарының оңтүстігінде күтіледі.

Қазақстан аумағы бойынша жауын-шашынның стандартталған индексіне негізделген құрғақшылықтың ықтималды болжамы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты негізде ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар

ЕКІ МИНИСТРЛІК ҚАЙТА ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Облыста 27 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылды

admin_mugalzhar

БІР СӘТ ЖӘНЕ БҮКІЛ ҒҰМЫР

admin_mugalzhar