«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІЛІКТЕР ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ЖАҢҒЫРТУДА

Ауданда ұлттық спорт түрлерін дамыту жолға қойылып келеді. Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды жаңғыртқан Ембі қаласындағы спорт мектебінің басшылығы осы саланы дамыту үшін бірнеше ауылға арнайы маман бекітіп, командалар жасақтаған.

Ембі қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Елубаев ат спортын дамытуға аудан әкімі Асқар Шериязданов мұрындық болғанын жеткізді.
Бүгінде Ембі қаласында және Қайыңды мен Құмжарған ауылдық округтеріндегі орта мектептердің жанынан құрылған командаларды дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері жаттықтырады. Мұғалімдерге спорт мектебінің басшылығы қосымша штаттық жарты бірлік ашып берген.
— Біздің ауданда осы уақытқа дейін ат спортына аса мән берілмегенін өздеріңіз білесіздер. Сол себепті де біз өз мамандарымызды өзге аудандарға тәжірибе алмастыруға жіберіп, оқыттық. Бүгінде жаттықтырушылар балаларды ат спортының түрлеріне баулуда. Екі ауыл көкпар ойынын ұйымдастырып, жолдастық кездесу өткізіп, жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бүгінде ат спортымен шұғылданатын екі ауылдағы балалардың саны 40-тан асады. Олар көкпар, жамбы ату, теңге алу, аламан бәйге тағы осы сынды ойын түрлерін үйреніп келеді, — деді ол.
Оның айтуынша, аталмыш спорт түріне енді аяқ басқан жасөспірімдердің де қарасы көп. Соңғы кезде жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Соның бір дәлелі, бүгінде Жағабұлақ, Мұғалжар ауылдарының жастары ат спортымен кәсіби түрде жаттығу үшін штаттық бірлік ашып беруді сұрауда.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚУАНТТЫ

admin_mugalzhar

Мемлекеттік күзет қызметі сапында мерзімді әскери қызмет өтеуге іріктеу басталады

admin_mugalzhar

100 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ КУРСТАРЫНДА БІЛІМ АЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.