Халықтың тұрмысын арттырумен қатар рухани байлығы мен мәдени санасын дамытудың маңызы зор. Осы бағытта жұмыс жасайтын ауданның мәдениет қызметкерлері осы жылы аудан аумағында 396 мәдени шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина сәуір айының аяғында көркемөнарпаздардың шығармашылығын дамыту мақсатында аудан көлемінде «Аудандық көркемөнерпаздар байқауы» өтетінін айтты.
— Аталған байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – ұлттық өнерімізді насихаттап, талантты жастарды тауып, өнерімен ел алдына шығару. Сонымен бірге Қазақстан күнтізбесіндегі атаулы және мемлекеттік мерекелерді өз деңгейінде атап өту, тарихи тұлғалар дың мерейтойларына орай әдеби шаралар, 2022 жыл — «Балалар жылында» балаларға арналған көптеген мерекелік кештер мен ертеңгіліктер дайындаудамыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен облыстық «Айырық айшықтары», Ембі қалалық мәдени орталығы «Жұбанов әуендері» атты аудандық ән байқауларын, Жем қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық күйшілер сайысын өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді бөлім басшы. А.ІЗБАСҚАН