«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Осы жылы аудан аумағындағы бірнеше білім ордаларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық базалары жақсарады. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова аудандық қоғамдық кеңестің отырысында айтты.

Оның айтуынша, Жем қалалық №3 Аула клубын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстарын «Стронеф» ЖШС-і жүргізеді. Аталған ғимараттың іші және сырты әрленіп, ауыз сумен жабдықталып, кәріз, жылу, өрт дабыл жүйесі жөнделеді. Аумағын абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ.
— Қандыағаш қалалық №2 орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «Алихан ОйылС» ЖШС-і мектеп ғимаратының терезелерін, есіктерін, еденін алмастырып, электр желілерін жаңғыртады, — деді ол.
Сонымен бірге білім бөлімінің басшысы Ақкемер орта мектебіне, Қаз ССР 30 жыл атындағы орта мектепке, Қандыағаш қалалық №4, Жем қалалық №5 орта мектептеріне жаңа модификация кабинеттерінің жабдықталатынын, Жаңажол, Құмжарған, Мұғалжар орта мектептеріне, Ембі қалалық №1,4,7 орта мектептерге модернизация бойынша мектеп жиһаздарын жаңартуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінгенін жеткізді.
Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Елімізде сұранысқа ие мамандардың жалақысы 50 пайызға көтеріледі

admin_mugalzhar

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

admin_mugalzhar

Жылыту маусымына дайындық қалай?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.