«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҚСЫЛЫҚ КЕРУЕНІ – ЖАЙСАҢДА

Қасиетті Рамазан айында мұғалжарлық еріктілер Мәртөк ауданы Жайсаң ауылындағы «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы» КММ-де тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы барып, мұғалжарлықтардың жылуын жеткізді.

Мұғалжарлық белсенді Дәулет Елубаев бастаған қайырымдылық шарасына ауданның ерікті жастары және тұрғындары белсене атсалысты. Оның ішінде қала кәсіпкерлері мен мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосқан.
Қайырымдылық үшін ашылған шотқа 600 мың теңгеге жуық қаржы жиналған. Бұл қаржыға балаларға базарлық ретінде азық-түлік пен түрлі сыйлық алған бір топ жас өткен сенбіде Жайсаң ауылына барып, қамкөңіл балалармен кездесті. Түрлі кейіпкер рөліне енген еріктілер тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мекеме ауласына тал көшеттерін отырғызып, абаттандыру жұмыстарын да жүргізді. Сонымен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футбол, волейбол ойындарын ұйымдастырып, жеңімпаздарға естелік сыйлық пен Диплом табыстады.
— Аталған қайырымдылық шарасына мұғалжарлықтар үлкен қолдау білдірді. Қайырымды жандардың аманатын орындап, ата-ананың мейірімі мен жылуына зәру балаларды бір сәтке болса да қуантуға тырыстық. Ұйымдастырушылар атынан қайырымдылық шарасына көмек қолын ұсынған азамат-тарға ризашылығымызды білдіремін. Ол жақта балаларға барлық жағдай жасалған, дегенмен ата-ананың қамқорлығы жетпейді, әрине. Әр баланың көзінен ата-анасына деген сағынышты байқауға болады. Мейірімге зәру сүйкімді балақайлармен біз де қимай қоштастық. Қайырымдылық керуені алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, — деді ерікті Дәуренбек Сираж.
Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

«ӨНЕР БАРЫСЫ» ӨТТІ

admin_mugalzhar

26 сәуірден бастап қазақстандықтарға отандық QazVac вакцинасы салынады

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ 587 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.