Қазгидромет 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Нақтылап айтқанда, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға жақын — елдің солтүстігінде және орталығында жаңбыр болады.
Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.