«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ НАҚТЫ ҚАДАМЫ

Жалпыұлттық референдумды қолдау бойынша құрылған аудандық штабтың жетекшісі Төлеулі Махимов, штаб мүшелері Ғалым Дәрімбетов пен Наурызбек Сарбасов «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты «Ақтөбе көлік компаниясы» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында штаб мүшелері мекеме қызметкерлеріне конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты түсіндіріп, маңызды деген сұрақтарға жауап берді.
Штаб мүшесі Наурызбек Сарбасов Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысына, жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрғанын ерекше атап өтіп, жаппай дауыс беруге шақырды.

Кездесуде мекеме қызметкерлері бұл саяси науқанның расында ел болашағы үшін аса маңызды екенін түсінетінін жеткізіп, алдағы саяси науқанға қатысуда белсенділік танытатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Өңірдегі өзекті мәселелер жүйелі түрде шешіліп жатыр

admin_mugalzhar

526 ОҚУШЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.