«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен басталған Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасуда. Аудандық штабтың жетекшісі Төлеулі Махимов, штаб мүшелері Ғалым Дәрімбетов пен Наурызбек Сарбасов «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты «Ақтөбемұнайсервис» мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Президенттің бастамасымен елімізде Жаңа Қазақстанды құру мақсатындағы саяси жаңғыру қадамдары басталды. Бұл – тәуелсіз Қазақстанды жаңа бағытта өркендетуге бастайтын үлкен өзгеріс екенін штаб мүшелері алға тартты. Кездесуде штаб мүшелері қастысушыларға 5 маусым күні мемлекеттік маңызы бар мәселелер халықтық дауысқа салынатын және референдумда Ата Заңға бірқатар өзгерістер енгізілетінін жеткізді.

«Ақтөбемұнайсервис» мекемесінің жұмысшылары Ата Заңға енгізетін түзетулер бойынша 5 маусымда өткізілетін референдумға қатысып, маңызды науқанда саяси белсенділік танытуға ниет білдірді.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР: 2022 ЖЫЛЫ НЕ ІСТЕЛДІ?

admin_mugalzhar

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРЕЛЕ МЕ?

admin_mugalzhar

Ералы ТОҒЖАНОВ: «Журналистер көтерген бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды»

admin_mugalzhar