«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН: ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯ ДАМЫҒАН ЗАМАНДА АДАМ ӨМІРІ БІРШАМА ЖЕҢІЛДЕГЕНІ РАС. ТІПТІ, АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖОЛДАРДЫ БІР СӘТТЕ ЖАҚЫНДАТЫП, БАЙЛАНЫСУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛГЕНІ — ҮЛКЕН ПРОГРЕСС БОЛДЫ. СОЛ МҮМКІНДІКТІҢ БІРІ — ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ӨМІРІМІЗГЕ ДЕНДЕП ЕНГЕН СӘТІНЕН БАСТАП, ОНЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ДАУ ДА ҚОСА КӨБЕЙДІ. БІРЕУІ БАР ӘЛЕМДІ АЛАҚАНДАЙ ДҮНИЕГЕ ЖИНАҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ БЕРЕР МҮМКІНДІГІНЕ ОДА АЙТСА, ЕНДІ БІРІТЕК БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ БОЛУЫ ТИІС ТЕЛЕФОННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫН САРАЛАП, ДАБЫЛ ҚАҒУДА. АЛ СІЗ ҚОЛЫҢЫЗДАҒЫ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ «ЖАҚСЫЛЫҒЫ» МЕН «ЖАМАНДЫҒЫН» БІЛЕСІЗ БЕ?..
Ең алғашқы ұялы телефон осыдан жарты ғасыр бұрын пайда болған. Оны швед өнертапқышы Стюре Лаурен құрастырған екен. Ал бүгінде телефон күнделікті тұрмыста қолданылатын құрылғыға айналды. Онсыз өмірді елестету де қиын тәрізді… Ия, мойындау керек, ұялытелефондардың арқасында өмір сүру әлдеқайда жеңілдеді. Адамдарда бір-біріне деген алаңдаушылық тумайды, себебі кез-келген уақытта өзара байланысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, телефонды интернетке қосып, ғаламтор арқылы жаналықтар көруге немесе поштаны тексеруге болады. Әйтсе де, ең басында адамзат игілігі үшін ойлап табылған дүниенің кемшілігі де жоқ емес. Ұялы телефонның зияны — иммундық жүйенің зардап шегуі. Аталмыш байланыс құрылғысы шығаратын зиянды электромагниттік өрістердің әсерінен дененің иммундық жүйесі зардап шегеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл — ағзаның ауруларға және басқа да зиянды сыртқы әсерлерге төзімділігін төмендетуі мүмкін. Норвегия мен Данияның ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонды пайдаланушылар көбінесе бас ауруларына және ұйқышылдыққа шағымданады. Америкада 90-шы жылдардың басында ерекше сот процесі өтті. Адвокаттар ми ісігінен зардап шеккен әйелдің өліміне, ұялы телефонның зияны әсер еткенін дәледей алды. Сонымен қатар көру қабілеті де нашарлайды. Ресейде егеуқұйрықтарға өткізілген тәжірибелер кезінде, электромагниттік толқындардың әсерінен жануарлардың көру қабілеті төмендеген. Ұйықтау кезінде, тіпті ең қарапайым ұялы телефон ұйқының қануына кедергі келтіруімүмкін. Өйткені, ұялы телефонның электромагниттік толқындары орталық жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Қазір телефонды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қолданады. Басында уақыт үнемдеуді, алыстан апталап алар хабарды бір сәтте жеткізуді мақсат еткен телефон бүгінде сол алтын уақытты «өлтіретін» құрылғыға айналды. Телефонға бір «кіріп кеткен» адамның күнмен түнді алмастырып алатынын да бүгінде түрлі зерттеулер дәлелдеп, дабыл қағуда. Ал баланың ермегіне, ойындағы «досына» айналған ұялы телефондар мен планшеттер ұрпағымыздың бойында адами құндылықтардың азайып, шын өмірдің виртуалды өмірден айырмашылығын жоғалтып алуына әсер етпей ме деген қорқыныш та жоқ емес! Әрине, ғылыми-техникалық дамуды тоқтату қиын. Ол күн сайын қарқыны даму үстінде. Оның пайдасын да көріп жатырмыз. Әйтсе де, оның адам өміріне, денсаулығына, адами құндылығына тигізер зиянына да әсте естен шығармаған жөн!
Интернет материалдары бойынша әзірлеген З.ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

ТАХИР АТАНЫҢ БАТАСЫ – ОБЛЫСТА БІРІНШІ!

admin_mugalzhar

Қазақстанда 352 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

admin_mugalzhar

АЩЫСАЙ МЕН САБЫНДЫКӨЛ АУЫЛДАРЫНА ГАЗ ТАРТЫЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.