«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе аспанына әуе шарымен қалықтай аласыз

Ақтөбеде әуе шарларымен көкте саяхаттауға мүмкіндік туып отыр.
13-14 тамыз күндері сағат 10.00-ден түнгі 12.00-ге дейін ипподром алаңында «Шексіз аспан» фестивалі ұйымдастырылмақ.

Шара барысында қазақ эстрадасының жұлдыздары да өнер көрсетеді. Шараны тегін тамашалауға болады. Алайда әуе шарларында ұшу ақылы. Фестивальді өткізуге Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі қолдау көрсетіп отыр.

Ұйымдастырушылардың бірі Еркебұлан Аймұратұлының айтуынша, фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10-нан астам дирижабль иелері келмек.

— Шараға жасына қарамастан кез келген адам қатыса алады. Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң ескеріледі. Алаңда құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер қонақтардың жағдайын қадағалайды. Біз әзірге әуе шарларымен ұшу бағасын нақты айта алмаймыз, алайда қалта көтерерліктей болмақ. Осындай фестиваль бірнеше жыл бұрын Шымкентте өткен болатын, енді өз қаламызда да өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді ол.

А.БОЛАТБЕК, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

«Таза Қазақстан»: «Таза аула – аға ұрпаққа қамқорлық»

admin_mugalzhar

Жолдау-2025: Ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек

admin_mugalzhar

БАСШИЛІЛІК ТҮЛЕКТЕРДЕН СЫЙ

admin_mugalzhar