«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

КОНСТИТУЦИЯҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА БҮГІН ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРМЕК КЕНЖЕХАНҰЛЫ КЕЛДІ. ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖӘНЕ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
Мәдениет үйіндегі кездесуде Ермек Кенжеханұлы референдумда ел Конституциясының 33 бабына жасалатын 56 өзгеріс азаматтардың құқық мүддесін қорғап, билік пен қарапайым халықтың арасындағы алшақтықты жойып, мемлекеттің еш кедергісіз дамуына сара жол ашатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, бас құжатқа енгізілетін толықтырулар елдің ертеңі үшін әрбір азаматтың таңдауы қаншалықты маңызды екенін айтып өтті. Кездесуде қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, мазмұнды ұсыныстарын білдірді.
Іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Кентавр» мекемесінің жұмысымен танысып, ұжым қызметкерлерімен де жүздесіп, алдағы конституциялық реформаны іске асыру дағы республикалық референдумның мәселелерін мекеме қызметкерлерімен бірге талқылады. Ермек Кенжеханұлы референдум арқылы енгізуге ұсынылып отырған саяси жүйені реформалау бойынша ұсыныстар еліміздің болашағы үшін маңызды еке-нін атады. Бүгінгі таңда мекемеде 250-ге жуық жергілікті тұрғындар қызмет атқарады. Кездесуде облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ұжым қызметкерлерін елімізді саяси жаңғыртуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетіп, 5 маусымда өтетін референдумға қатысуға шақырды. «Ақтөбемұнаймашкомплект» мекемесінің қызметкерлерімен кездескен Ермек Кенжеханұлы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесуде Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталған облыс әкімінің орынбасары осы референдум нәтижесі арқылы еліміздің болашағы айқындалатынын айтып, мекеме ұжымын саяси науқанға қатысуға шақырды. Қандыағаш қаласында орналасқан «Казтермогрупп» және «Неохим» кәсіпорындарының ұжымына Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулардың маңыздылығын түсіндірген облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы елімізді саяси жаңғыртуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетіп, 5 маусымда өтетін референдумға қатысуға шақырып, ауданның, облыстың әлеуметтікэкономикалық дамуы жолында атқарып отырған қызметтеріне сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗІР МЕН «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНЫМЫН

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады

admin_mugalzhar

Аким города отчитался перед населением

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.