«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК БАЗАРЛЫҚ

Бүгін Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде 1 маусым — Балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті. Аталған шараға Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратов қатысып, балақайларды мерекелерімен құттықтап, білімпаз балаларға Алғыс хат және балалар ойын-сауық орталығына тегін сертификаттар табыстады. Сонымен бірге Мұғалжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тавке Абдуллин балаларды құттықтап, ойыншықтар сыйлады.
Шара барысында өнерлі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Аниматорлар ортаға шығып, түрлі көріністер көрсетіп, балалардың көңілін көтерді.
Ал мектеп директоры Бақыт Өтешова оқушыларға Алғыс хат табыстап, ойын-саулық орталығына тегін ойнатуға сертификат сыйлады. Шара соңында қала кәсіпкерлерінің қолдауымен балаларға тәттілер мен балмұздақтар таратылды.

Ұқсас ақпараттар

Президент: Заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс

admin_mugalzhar

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарын қалай аударады

admin_mugalzhar

ЖЕМ: ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar