«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КЕЗДЕСУ ЕКПЕ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Мұғалжар аудандық ауруханасының мәжіліс залында екпеге қатысты кездесу өтті. Кездесуге Мұғалжар ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов пен Ақтөбе қаласының М.Оспанов атындағы жұқпалы аурулар және балалар жұқпалы аурулар бөлімінің бас инфекционисті Мейрамбек Құрманғазин қатысты.
Шараға 40-қа жуық атааналар да келді. Жиналыс барысында дәрігерлер жиналғандарды екпе жұмыстарымен таныстырып, олардың бала денсаулығы үшін маңыздылығын түсіндіре отырып, егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар мамандар бірқатар жұқпалы аурулардан вакциналау арқылы қорғануға, сақтануға болатынын жеткізді. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу қажеттігін ескерте отырып, екпеден бас тартқан жағдайда қандай мәселелер туындайтынын және қандай ауруларға қарсы тұра алмайтынын нақтылай кетті.
— Бұрын бой бермей кеткен неше түрлі жұқпалы аурудың бәрі де екпе арқылы сейілді. Ол — дәлелденген нәрсе. Алайда түбегейлі жойылды дегенмен, вирус 10-13 жылда қайтадан жаңа ағзаға бейімделіп, пайда болуы әбден мүмкін. Дәуір, заман, жыл жаңарған сайын неше түрлі вирустар да бой түзей бастайды. Осыны ескергендеріңіз жөн. Сіздерді екпе туралы сауаттылықты арттыруға шақырамын, — деді инфекционист Мейрамбек Құрманғазин.
А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Бүгін Көрісу күні

admin_mugalzhar

АУДАНҒА «СЫР ДИДАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Астанада Диснейленд салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.