«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БЕКБОЛ — МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-нің биылғы түлегі Бекбол Бақтыбаев мектепішілік қана емес, облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындардан көрініп, мектепмақтанышынаайналды. Атапайтсақ, биыл олМұғалжар ауданы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде құқық негіздері пәнінен I орын алды. Ол аталған пәннен 2019 жылдан бері аудандық пәндік олимпиадада жеңімпаз болып келді. Соныменқатаросыжылы құқық негіздері пәнінен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде мектептердің 11(12) — класс оқушылары арасында ұйымдастырылған ғылыми жобалар байқауына экономика және құқық бағыты бойынша қатысып, І орын алғаны үшін Жұбанов гранты сертификатымен марапатталды.
Наурыз айында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің құқық негіздері пәні бойынша І дәрежелі дипломымен марапатталса, сәуір айында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық кезеңінде дәл осы пән бойынша І орын иеленді.
— Бұл дәрежеге жетуге Бекболдың оқуына көңіл бөліп отырған ата-анасының үлесі зор. Сондай-ақ Бекболға бағыт-бағдар берген құқық пәнінің мұғалімі, тарих магистрі Әсемгүл Төремұратованың да еңбегі ерен екенін көруге болады. Бекболды біз мақтан етемізжәне келешекте үлкен үміт артып, болашақта білікті маман болатынына сенеміз, — дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Мажитова.
А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ МЕЙРАМБЕК ҚАРТБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

Тоқаев 12 аудандық сотты таратты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.