«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар саны 80%-ға жетеді.
Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Еліміздегі демографиялық өзгерістер отандық еңбек нарығына өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл саладағы ең басты өзгеріс жұмыс күшінің жаңа буынының пайда болуынан туыпдап отыр. Қазір 2000 жылдардан кейін туылған ұрпақ есейіп, ержетіп келеді. Жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбек нарығына қосылып жатыр, — деп айтты Еңбек министрі.

Дүйсенова жұмыс күшінің жаңа сапалы құрылымы қалыптасып жатқанын атап өтті. Сөзінше, еліміздегі жұмыс күшінің 60%-ы миллениалдар мен Z буыны. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 80%-ға жуықтайды.

Айтуынша, бұл үрдіс жұмыспен қамту саясатын қайта қарауды көрсетіп отыр.

Тамара Дүйсенова азаматтарды жай жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы жұмыс беріп, халықтың табасын арттыру қажет деп есептейді.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

БІЗДІҢ АҒАЙ

admin_mugalzhar

Численность госслужащих сократят в Казахстане

admin_mugalzhar

Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.