«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІДЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАР БАС ҚОСТЫ

Ембі қаласына Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантикенов пен «Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мұғалжар аудандық филиалының төрайымы Әли Умарова барып, Ембідегі мүгедектігі бар адамдармен кездесті.
Жиында арнайы барғандар, мүгедектігі бар ембіліктерге берілетін мүмкіндіктер туралы кеңінен мағлұматтар айтылып, маңызды кеңестер берілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін толғандыратын мәселелерді көтеріп, пікір алмасты. Сонымен бірге Ембі қалалық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы етіп Жұмабек Сарбасовты тағайындады. Жиын соңында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге күтім жасайтындар, көпбалалы аналар, қоғам белсенділері марапатқа ие болды. «Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Мұғалжар аудандық филиалының атынан бірқатар тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік пакеттері таратылды.
Н.ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 519 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

admin_mugalzhar

Мұң, ашу және реніш адам денсаулығына қалай әсер етеді?

admin_mugalzhar