«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Батпақкөл ауылдық округі орталығында соғыс ардагерлері және соғыс жылдары тылда қызмет көрсеткен жандарға арнап ұрпақтары ескерткіш тақта орнатты.
Салтанатты шараға Батпақкөл округі бойынша соғыс ардагерлерінің ұрпақтары мен ауыл тұрғындары, қонақтары және ауыл әкімі М.Боқашев қатысты. Ескерткіш тақта орнатуды көптенберіжоспарлапжүргенбелсенділер бұл істің маусым айында сәті түскенін айтады.
— «Рухани жаңғыру», «Туған жерге тағзым» жобалары аясында біздің жарқын болашақ үшін еңбегін сіңірген, өмірін арнаған тұлғалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнату қолға алынған болатын. Соғысқа қатысып, ерлігімен көзге түсіп, кейін бірнеше медальдармен марапатталған ардагерлер де бар арасында. Биіктігі — 1,5, ал ұзындығы 3 метр тақтаға 100 ден аса ерлеріміздің есімдері қашалып жазылды. Батпақкөл округі бойынша бірнеше уақыттан бері ардагерлер туралы деректерді іздеу, толықтыру шаралары жүргізілген еді. Соның нәтижесінде біз естімеген көп есімдер жаңғырды. Шағын округтің өзінен 100 қаралы ардагер шыққаны қуаныш әрі мақтаныш. Мұны өскелең әрі келер ұрпақ ұмытпауы керек. Ақпарат жинауға көмектескен Шотан Ғабдешке, Медет Жалғасұлына, Самат Жүсіповке алғыс айтамын. Жағабұлақ ауылының тұрғындары үшін 25 маусым тарихи күн болмақ, — деді ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Талғат Өтешов.
А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

СТУДЕНТТЕР КӘСІПОРЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

admin_mugalzhar

Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты

admin_mugalzhar

Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.