«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жасанды көлі бар саябақ ашылды

Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шаһардың ауа райын жақсартып, көгалдандыруға оң серпін беретін саябақтың ашылу салтанатына ел ағалары, ақсақалдар, әкімдік өкілдері, ұрғындар мен Түркістанның қонақтары қатысты.

Жалпы аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан Президент саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған.

Бұрын бұл жер бос алқап болған. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Тереңдігі – 4 метр. Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар.

Биыл көктемде осы су айдынында триатлоннан Қазақстан кубогы жолындағы жарыс өткізілді. Мамандар мен спортшылар Түркістандағы жасанды көлге оң пікірлерін білдірген болатын.

Жалпы саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық, 3500 шаршы метрге гүл егілген. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар.

Сонымен бірге жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген. Жарықшамдар орнатылған. Әсем әрі көрікті саябақ көпшілікке ұнады.

Саябақтың ашылуына орай «Түркістан маржандары» мерекелік кеші ұйымдастырылды. Түркістанның жаңа туристік орнына арнайы келген тұрғындар мен қонақтарға Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш соңы жалпыхалықтық серуенге ұласты.
baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті қалай реттеуге болады

admin_mugalzhar

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛ: ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГЕН МАЛ ИЕСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.