«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жас журналистер мектебі ашылады

Жобаға кем дегенде 300 жас қазақстандық қатыса алады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Әлеуметтік жоба жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, коммуникация құруға арналған жаңа алаңдарды қалыптастыруға, жас журналистердің шығармашылық және қоғамдық белсенділігін ынталандыруға бағытталған.

Жобаның маңызды міндеттерінің бірі – жас журналистердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Медиа мамандарына онлайн форматта жұмыс істеу ыңғайлы болғандықтан, біз электронды платформана дайындайтын боламыз. Мұнда жоба қатысушылары үшін оқыту курстары мен жаңалықтар порталы қолжетімді болады, — дейді «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ директорының орынбасары Камила Амуртаева.

Жоба аясында конкурстық негізде жас журналистерге 20 шағын грант бөлінеді. Жалпылай алғанда, кәсіби білім алу және үздік практикалармен алмасу бағытындағы оқытудан кемінде 300 жас қазақстандық өтеді.

Сондай – ақ, Нұр-Cұлтан, Шымкент және Ақтөбе қалаларында жастарға арналған пікірталас алаңдары жұмыс істейді.

Форумдар үш күндік оқыту форматында өтеді. Біз журналист болуды армандайтын жас азаматтарды журналистика факультеттерінің студенттерін, жас мамандарды жинаймыз. Форум қатысушылары теориялық қана емес, практикалық тұрғыда білім алуы үшін медиа саласының сарапшылары мен кәсіпқойлары жобаға тренерлер ретінде шақырылады», — деді Камила Амуртаева.

Жоба туралы толық ақпарат Қазақстан жастар конгресінің @jascongress Instagram парақшасында қолжетімді. Әлеуметтік жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық жобасы аясында жүзеге асырылады.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

ҚАРАКӨЛГЕ ГАЗ БАРАДЫ

admin_mugalzhar

ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

+46°С. Шымкент пен еліміздің барқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.