«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРДА ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНДЫ

Мамыр айында аудан әкімі Асқар Шериязданов Мұғалжар ауылының тұрғындарымен кездескен кезде ауыл тұрғындары тарапынан ауылдағы қоқыстарды тазарту, ескі адам тұрмайтын үйлердің қирандыларын алып тастау бойынша ұсыныстар айтылған болатын.

Осыған байланысты Мұғалжар ауылында «Сине Мидас Строй» ЖШС-і демеушілік көмегімен 20 тұрғын үй ауласынан күл-қоқыстар, құлаған үй, сарай, қора орындары тазартылып белгіленген арнайы орынға шығарылды.

Жалпы Мұғалжар ауылы бойынша «Қазақ», «Тасбұлақ» аумақтарындағы тұрғын үйлердің ауласы мен айналасы қиыршық тас өңдейтін зауыттарының демеушілік қолдауымен тазартылды. Алдағы күндері кейбір газ желісін қазу жұмыстарына байланысты қалып қойған үйлермен, ауыл сыртындағы қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа университет ашылады

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҢ АХУАЛЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.