«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНҒА «ЖӘРДЕМ» ПОЙЫЗЫ КЕЛДІ

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы Жұрын ауылына келіп жетті. Мұғалжар ауданы бойынша «Жәрдем» пойызы 9-10 шілде күндері Мұғалжар ауылында ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетсе, 11-12 шілде күндері Жұрын ауылының, 13-14 шілде күндері Ақкемер ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады.

«Жәрдем» пойызының вагондары соңғы типтегі медициналық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Пойызда терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, уролог, хирург, стоматолог және басқа да мамандар емделуші ауыл тұрғындарына кеңес беріп, денсаулықтарын қарайды.
«Жәрдем» пойызының мақсаты — шалғайдағы елді мекендер тұрғындарына арнайы мамандандырылған дәрігерлік қызмет көрсету.

Ұқсас ақпараттар

Түркияда мерт болған қазақстандық қыздың денесі елге жеткізілді

admin_mugalzhar

ҚОЛӨНЕРГЕ БАР ТАЛАСЫ…

admin_mugalzhar

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.