«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ЕКІ АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жағдай тіркелді. Бұл туралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, індет жұқтырған адамның екеуі де індетке қарсы екпе салдырмағандар.
Басқарма мамандары аудан тұрғындарына қолды үнемі тазалап, әлеуметтік қашықтықты сақтап жүруін, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу секілді эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтауға шақырды. Сонымен бірге вакцинацияның және ревакцинацияның толық курсынан өту қажеттігін ескертті.
-Вакцинация — коронавирусты инфекцияның алдын алудың бірден бір жолы. Аудан бойынша коронавирусты инфекцияға қарсы 17613 адам ревакцинацияланды. Тұрғындардың белгілі пайызы екпе қабылдаса, ұжымдық иммунитетіміз қалыптасып, ауруды жеңіп шыға аламыз, — деді бөлім басшысы Радина Иржанова.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛАМАН – АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

admin_mugalzhar

ЗАМАНАУИ «АЛАҚАН ЖАЮШЫЛАР»

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.