«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЛТ-ДӘСТҮР – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

«Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы негізінде «Парасат» ақпараттық кеңес беру және оңалту орталығының ұымдастыруымен Жастар арасындағы дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықта аудандағы мешіттердің имамдарымен, теолог мамандарының қатысуымен «Салт-дәстүр», «Ұлттық құндылық және партриотизм» тақырыптарында семинар өтті.

Семинарды тарихшы, «Алаш парызы» ҚҚ мүшесі Айшуақ Дәрменұлы жүргізіп, қай кезеңде болсын, қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық екенін ұлттық құндылықтарымыздың орны ерекше саналғанын, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз бен мәдени мұрамыз арқылы халық әркез өзін-өзі тәрбиелеп отырғанын жеткізді.
Семинарда қатысушылар отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандылыққа тәрбиелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүр жайлы тақырыптарда пікір алмасты.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДА ҰСТАЗ-АРДАГЕРЛЕРДІҢ КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ұшақ билеттері 9 000 теңгеден: Қазақстандықтар үшін алты қалаға ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

admin_mugalzhar

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar