«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

Бұл туралы Мемлекет басшысына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі баяндады. Бағдат Мусин «сандық теңсіздікті» жою туралы есеп берді. Атап айтқанда, биыл еліміздің 150-ге жуық елді мекені сапалы интернетке қол жеткізеді. IT-саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Соның ішінде, Astana Hub технопаркінің қызметі, Қазақстандағы шетелдік IT-компаниялардың жұмысы туралы сөз болды. Президент оларға қолдау көрсетуді тапсырды. Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу саласындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады. Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды.

24.kz

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

admin_mugalzhar

ТІЛ — ЕҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

admin_mugalzhar

Жолдау-2025: Ауыл шаруашылығын ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған

admin_mugalzhar