«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК: ТҰРҒЫНДАР СҰРАНЫСЫ ЕСКЕРІЛУДЕ

Аудан және Талдысай ауылдық округінің әкімдері мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы І.Ешниязов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Б.Жолмағанбет, аудандық ветеринариялық стансасының бастығы Б.Тлеулин, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының м.а. А.Қалимағамбетов Еңбек ауылында есеп берді.
293 тұрғыны, 56 үйі бар Еңбек ауылында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қыркүйек айында кешенді блок модулі орнатылып, 1 адам жұмысқа қабылданады.
Сәуір айындағы кездесуде тұрғындар тарапынан мектеп жанынан спорт алаңын салу жөнінде өтініш айтылған еді. Осыған байланысты тұрғындарға спортзал салу мақсатында биыл жоба дайындалып, құрылысы келесі жылы жүргізілетіні жеткізілді. Еңбектіктердің тағы бір, клуб салу бойынша өтініштерін ескере отырып, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында “Арман-М” ШҚ-ның директоры, облыстық мәслихат депутаты Қ.Алишевпен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде келер жылы клуб құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар өткен жылы Талдысай ауылдық округіне мал жайылымын кеңейту мақсатында жалпы 8587 га босалқы жер қайтарылған болса, соның ішінде 4880 га Еңбек ауылына тиесілі екені айтылды. Кездесуден кейін аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.

Ұқсас ақпараттар

ВРУЧИЛИ ГОСНАГРАДЫ К 30-ЛЕТИЮ НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА

admin_mugalzhar

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

admin_mugalzhar

АТАМЕКЕН ЕСКЕРТЕДІ: «КӨМЕКШІЛЕРДЕН» АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.