«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЛДЫСАЙ: АУЫЗ СУ ЖЕТКІЗІЛІП, МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Өткен жылы Талдысай ауылына орталықтандырылған су жүйесі кіргізілді. Қазіргі таңда 106 үйден, 60 үй ауыз су жүйесіне қосылды. Қалған үйлер де алдағы уақытта қосылады деп жоспарлануда. Және балабақша, мектеп, әкімдік ғимараттарына да су кіргізілді. Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, су кіргізген мердігер “Монолит” ЖШС-і жақын арада ауыл ішінде топырағы отырып қалған траншеяларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар 100 орындық жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде. Мердігер — «SCS Инжиниринг». Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты, жобаға түзету жұмыстары жүріп жатыр.Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, 28 шақырымды құрайтын Сағашилі-Талдысай көтерме тас жолы да жөнделмек. Жол құрылысы екі учаскеге бөлінгені (0-15 км, 15-30 км) және ауыспалы, құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталатыны туралы аудандық ЖКХ бөлімі басшысының м.а. А.Қалимағамбетов ақпарат берді. Ауылда «Энергосистема” ЖШС-мен Талдысай ауылындағы орталық көшесінің 48 электр жүйе бағаналары жаңартылды.Өткен жылы Талдысай ауылдық округіне мал жайылымын кеңейту мақсатында жалпы 8587 га босалқы жер қосылды, соның ішінде 3707 га Талдысай ауылына тиесілі.Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсынысы негізінде жастарға кәсіп ашу мен қажетті мамандықты игеру бойынша аудандық жастар ресурсы мен аудандық жұмыспен қамту орталықтарына ауылдағы жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берілді.Сонымен қатар есепті жиналыста қойға сырға және ірі қараға чип салу, ИСЖ базасы бойынша сұрақтар қойылып, аудандық ветеринариялық бөлімінің бастығы Б.Тлеулин тиісті жауаптарды берді. Жайылым, шабындық жерлері, жер алу үшін конкурс шарттары, жер алған соң, инвестиция құйылмаса, бір жылдан соң жерді қайтаратындығы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы І.Ешниязов ақпарат берді. Шаруа қожалық пен кооператив құру, оларға мал басына берілетін субсидия, асыл тұқымды мал мен техника сатып алуға жеңілдетілген несие алу бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Жолмағанбет мағұлмат берді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Облыста басталған пилоттық жоба енді өзге өңірлерде жүзеге асырылатын болады

admin_mugalzhar

16 мыңға жуық шетелдік Қазақстанда жұмыс істеп жүр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.