«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісін тағаындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Министрліктің мәліметінше, аталған құрмет белгісі 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарға тағайындалады.
Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, мемлекет басшысы педагогтерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазір министрлік президенттің тапсырмасы бойынша жалақыны көбейту, мұғалімдерді есеп беруден және міндетіне жатпайтын артық функциялардан босату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазір салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасадық. «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі. Төсбелгі 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен мұғалімдерге беріледі. Осылайша, өз ісіне адал, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздарды ынталандырғымыз келеді, – деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.

Ұқсас ақпараттар

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

admin_mugalzhar

ЖИ Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?

admin_mugalzhar

Тұтынушылардың 11 пайызы ғана құқығын қорғау үшін меморгандарға жүгінеді — вице-министр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.