«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда бала күтімі бойынша төлем жаңа жылдан бастап 1,5 жасқа дейін ұзартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында бала күтіміне байланысты төлем мерзімін ұзарту 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз бала күтімі бойынша төлемдерді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жарым жасқа дейін ұлғайтамыз. Ата-аналар нәресте үшін ең маңызды кезеңде балаларымен ұзағырақ болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін артады. Бұл олардың қызметіне оңай әрі жылдам оралуына көмектеседі»,  – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстанда ең төменгі жалақы 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтерілгенін атап өтті. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді деді Тоқаев.

Айта кетсек, бұдан бұрын президент 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілетінін айтқан болатын. 

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМ БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

Более 17 миллионов граждан прошли перепись

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.