«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжарлық Батыр ана 12-ші сәбиін дүниеге әкелді

Ауданда көпбалалы аналардың көшін бастап тұрған Ләззат Бұлтанова 1 қыркүйек — Білім күні 12-ші сәбиін жарық дүниеге әкелді. Облыс орталығындағы перзентханалардың бірінде босанған Ләззатпен сөйлесіп, өзінің де, кішкентайының да жағдайының тұрақты екенін білдік.
1983 жылы туған Ләззат 18 жасында тұрмысқа шығып, тұңғышын 20 жасында өмірге әкелген. Бір қызығы, бұл отбасында 12 баланың ішінде не егіз, не үшем жоқ.
Бүгінде 6 қыз бен 6 ұлға өмір сыйлаған алтын құрсақты ана «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері. Үлкені — 20 жаста. Ал кеше ғана өмірге келген кенже қызы 4500 келі, бойы 62 см болып дүние ашқан.
— Алланың бергеніне шүкірлік етіп, отағасының айлығы және балалардың жәрдемақысымен ел қатарлы күн кешіп келеміз. Балаларымның алды оқуын бітіріп, жанымызға жалау болып, қасымыздан табылып жүр. Алла денсаулық берсе, неге тағы да балапандарды дүниеге әкелмеске, — дейді батыр ана.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫС-2024: ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АУЫЛ?

admin_mugalzhar

Жаңа қаулы: Оқушылар мектепке оралады

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында былтыр 33 жаңа білім беру нысаны салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.