«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МИКРОБҚА ҚАРСЫ АПТАЛЫҚ ӨТУДЕ

Ұлттық үйлестіруші орталығы микробқа қарсы тұрақтылық мәселесі туралы Дүниежүзілік хабардарлықты арттыру апталығын жүргізуде. «Микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы тұру үшін күш біріктіреміз» атты ұранымен өткізіліп жатқан апталық аясында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті қадағалау шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Бүркітов аталған шараның мақсаты — микроорганизмдердің дәрі-дәрмектерге төзімділігі мәселесіне және осы құралдарды ұтымды қолданудың маңыздылығына назар аудару екенін айтады.

Антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау арқылы емдеуге болмайтын бактериялар мен емделмейтін супербактериялар пайда болады. Антибиотиктер — инфекциялармен күресудің маңызды құралы. Бірақ оларды тек дәрігер тағайындауы керек. Пандемия кезінде отбасымыздың саулығын дәрігерге емес псевдомамандарға сенген кезіміз болды. Бірақ жұқпалы ауруларды дәлелді медицина тәсілдерімен емдеу керек. Көптеген инфекциялардың өзінен гөрі, асқыну қаупі қорқынышты. Балаларыңызға бұлай қауіп төндірмеңіз. Емханаға тіркеліп, дер кезінде вакцина салғызған абзал. Сондай-ақ су, ауа, топырақта патогендер көзі бола алады. Инфекция қаупін арттырмау үшін қоршаған ортаны ластамау керек, — деді басқарма басшысы.

Ауданның бас санитариялық дәрігері антибиотикпен емделу туралы халық арасында түрлі жалған әңгімелердің кеңінен тарап кеткенін де айтты. Олар — антибиотиктер кез келген ауруды емдейді, мұрын ақса, тамақ ауырып, жөтел ұзаққа созылса, антибиотик ішу қажет, шәрбат түріндегі антибиотик әлсіз, инъекция жасаған дұрыс, ауру белгілері жойыла салысымен антибиотик қабылдауды доғаруға болады, антибиотикті дұрыс қабылдамаса, салдары өзіне ғана тиеді. Ал дәрігер бұл әңгімелерге сенбеуге, дәрігердің нұсқауынсыз беталды антибиотиктерді қабылдамауға шақырды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Хромтауда жел электр стансасы ашылады

admin_mugalzhar

СУАҒАР САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ТОҒЫЗ КЕЛІН ТҮСІРГЕН МӘРИЯ ӘЖЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.