Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл пікірді Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Ботагөз Жүсіпбекова айтты.
Оларды тиімді реформалау – Жаңа Қазақстан табысты құрудың бірден-бір кепілі. Ең алдымен экономика мен кәсіпкерлік мәселелері алға қойылғанын айта кеткен жөн. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді деді Мемлекет басшысы. Бизнеске мұндай екпін беруді бүгінгі конъюнктура толығымен айтып отыр. Бизнес – ұлттық экономиканың қозғалтқышы. Ал біздің қоғамның одан әрі әл-ауқаты оның әртараптандырылуының табыстылығына негізделетін болады.
Оның айтуынша, Жолдауда елде қолайлы бизнес-климатты құруға көмектесетін түсінікті және болжамды салық саясаты мәселелеріне, оның дамуын ынталандырып қана қоймай, оны сыртқа шығаруға көмектесетін кәсіпкерлікті қолдау шараларына ерекше орын берілген.
Жүсіпбекованың сөзінше, Жолдауда халықты толғандыратын әлеуметтік және экономикалық саясат саласындағы ең көкейтесті мәселелер көтерілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұртшылықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтың жауабын айтты. Әрине адам болған соң, денсаулық мәслесі алаңдатпай қоймайды. Мемлекет басшысы денсаулық мәселесіне баса назар аударып өтті. Ол өз сөзінде «дені сау ұлт қана тұрақты дами алатындығын» ерекше белгілеп кетті. Денсаулық сақтау саласында реформа жүргізілгенімен оның жағдайы бұрынғыдай мәз емес деп баса айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау жүйесінің ең басты проблемаларын көрсетті — орынсыз қаржыландыру жүйесі, ол медициналық қызметтерді алған кезде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Өкінішке қарай, пациенттердің тарапынан үнемі шағымдар болып жатады. Бұл салада атқарылып жатқан мәселе біршама, алайда Президенттің берген бағасымен келіспеу мүмкін емес, — деді Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы.
Мемлекеттің бөліп жатқан қыруар қаражатын, одан қала берді, міндетті медициналық сақтандыру қаражатын ескеретін болсақ, қаржыландыру жүйесі ойдағыдай ұйымдастырылатын болса, саланың бюджеті сапалы денсаулық сақтау жүйесін құруға мүмкіндік беретіні анық.
Сонымен қатар Президент шалғайдағы аудандардың тұрғындарына білікті көмек алуға мүмкіндік беретін телемедицинаны дамытанын айтты.
Ойлап қараңыз, ауыл тұрғындары енді заманауи медицинаның көмегіне өз өңірлерінде жүгіне алады. Бұл дегеніңіз заманауи үлгідегі даму деп білемін. Тағы бір өзекті мәселелердің бірі, әрине ол зейнетақы мәселесі. Зейнетақы мөлшерін ұлғайту, әйелдердің зейнеткерлік жасын одан әрі ұлғайтуға мораторий, декреттік төлемдерді ұлғайту – осы мәселелердің барлығы соңғы айларда сөзбе-сөз көтерілді. Ал олардың Жолдауда бейнеленуі «Есту мемлекеті» қағидаттарына адалдықтың айқын дәлелі. «Мықты елдің негізі – адамдар. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болсын». Бұл аса маңызды қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік саясатында жүзеге асып, әлеуметтік бағдарланған, адамға бағытталған мемлекеттің негізіне айналуы тиіс, — деді Жүсіпбекова.
Оның атап өтуінше, жоғары білім беру және жастардың жұмыс орындарын қамтамасыз ету, мұғалім мамандығының беделі мен абыройын арттыру мәселелері – осы мәселелердің барлығы гүлденген және табысты ұлттың дамуының кепілі болады.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын құру жөніндегі бастама, онда Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% — ын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударатын болады, олар кейіннен тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады, сонымен қатар бұл біздің халқымыздың одан әрі әл-ауқатының кепілі болатыны сөзсіз, — деді спикер.
Сондай-ақ сарапшы қаңтардағы оқиғалар саяси жүйенің реформалауды қажет ететіндігін және қазақстандықтардың көпшілігі қолдаған Конституциялық қайта құрулардың дәлелі екенін атап кетті.
Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы, мемлекеттік басқаруды қайта жүктеу, Жоғарғы Сот судьяларын сайлау – осының бәрі бізді халық сайлаған демократияландыру жолында одан әрі ілгерілете алатын шаралар. Бұл тұрғыда Мәжілістің кезектен тыс сайлауы мен президенттік сайлауды өткізу қазақстандықтардың сайланған реформаларға және депутаттарға деген сенімді растау үшін қажет, олар жаңа жағдайда сайлаушылар тарапынан қолдауды растауы тиіс деп ойлймын. Президент ұсынған барлық бастама табысты іске асырылатынына сенім мол. Жуырда халық олардың нәтижесіне көз жеткізе алатынына сенемін, — дейді ол.
baq.kz