«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, 1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды.
«Облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының басшылығымен жұмысқа кірісіп кетті. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Алдағы төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жаңа буынмен толықпақ. Оның ішінде 8 мыңға жуық жас Қарулы күштердің қатарына қосылып, 6 мыңнан астам бозбала Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астам адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 300-дей жас Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100-ге жуық азамат Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады», — делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әскерге шақыру SMS-хабарламалар немесе үйіне және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді. Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары әскерге шақыру комиссияларын басқарады. 7 қыркүйектен бастап жаңа құрамалар жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

2024 жылы «Қандыағаш-Ембі» автомобиль жолы жөнделеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.