«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өткеннен оралған “Жармола жәрмеңкесі”

Ырғыз ауданында аты аңызға айналған “Жармола жәрмеңкесінің” 152 жылдығы тойланды. Ұлан-асыр тойға атақты мәдениет және ғылым қайраткерлері, Абай облысынан арнайы келген делегация, еліміздің басқа өңірлері мен облыстың барлық аудардарынан келген қонақтар қатысты.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов шараға қатысушылармен және қонақтармен амандасып:
«Тарихты жаңғыртып, өскелең ұрпақты өткенмен таныстырып, өңіріміздің туристік әлеуетін кеңейтуге бағытталған Ырғыздағы «Жармола жәрмеңкесі» мерекесіне хош келдіңіздер.
Тарихтан белгілі, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде, Батыс Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбе облысында Ырғыздағы «Жармола», Темірдегі «Қарақамыс», Ойылдағы «Көкжар», Ақтөбедегі «Ақтөбе» жәрмеңкелері даму тұрғысынан ірі орталыққа айналып, халықтың сауда мәдениетін дамытуда зор үлес қосқан. Соның нәтижесінде қазақ даласындағы арзан шикізат тауарлары Ресей патшалығы арқылы алыс-жақын шетелге сатылып, олардың орнына халық тұтынатын түрлі тауарлар әкелінген.


Аталған жәрмеңкелер Орта Азиядағы Бесқаламен, Орскі, Орынбор арқылы Ресеймен сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндіктуғызды. Сонымен қатар, ұлттық өнерді насихаттайтын әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени даму орталықтарына айналды.
Ырғыздағы «Жармола жәрмеңкесі», қазіргі Қызылордадағы «Ақмешіт», Арқадағы «Қарқаралы», «Қоянды жәрмеңкесімен», Ресейдегі Жаманқала (Орск) жәрмеңкелерімен тығыз байланыста болып, сол замандағы экономикалық дамудың үлгісі болған.
Облыс аумағындағы тарихи жәрмеңкелерді жаңғырту және өлке туризмін дамыту мақсатында алғашқы шараны міне Ырғыз ауданында өткізіп отырмыз. Алдағы жылдары Темір ауданында, Ойыл ауданында, Ақтөбе қаласында осындай жәрмеңкелерді жаңғыртып, мәдени-туристік кешенді іс-шаралар ұйымдастыру жоспары бар»,- деді.

Бағдарламасы мазмұнды мереке екі күнге созылады. Мұнда жәрмеңкеден бөлек, ұлттық салт-дәстүр мен спорттық ойындар, театрландырылған көріністер мен концерттық бағдарламалар қойылады. Бұдан өзге, жазушы Тынымбай Қарин, жырау Алмас Алматов, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова «Ырғыздың қилы тарихы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференцияға қатысты.
Айта кетейік, «Жармола» ірі сауда жәрмеңкесі Ырғызда 1870 жылы ашылған. Жәрмеңке жылына екі рет – 6-20 маусым аралығы мен 25 қыркүйек-8 қазан аралығында өткізіліп тұрды. Оған Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Нижний Новгород қалаларынан, Сарыарқа даласынан, Сырдария жағасынан және Бұхара төңірегінен келген саудагерлер қатысты.
Біздің заманда «Жармола» жәрмеңкесі киелі нысандар тізіміне енгізілген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

Балалар Ұлттық қордан алатын ақшасын қайда жұмсай алады?

admin_mugalzhar

DIGITAL QAZAQSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ

admin_mugalzhar

ДЕПУТТАТТАР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.